Экономика

2017 жылдың І жартыжылдығында геологиялық барлауға салынған инвестиция 65 млрд теңгені құрады

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің және «Қазгеология» ҰГК» АҚ-ның 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 14:52

 

 

 

 

Жыл басынан бері 98 нысанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 4 перспективалы қатты пайдалы қазба нысаны анықталды.

Бюджет қаражысын жұмсамай-ақ, Инвесторлардың қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу (ГЖЗ) аумақтың геологиялық зерттелуін қосымша арттыруға мүмкіндік береді.  2017 жылдың 10 айы ішінде жалпы сомасы 15,4 млрд. теңгеге 56 шарт жасалды (сомасы 13,6 млрд. теңгеге ҚПҚ бойынша 30 шарт, 1,5 млрд.теңгеге КСШ бойынша 3 шарт, 360 млн.теңгеге ЖС бойынша 23 шарт).

Сонымен қатар, 2017 жылдың І жартыжылдығында геологиялық барлаға салынған инвестиция көлемі 65 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен ҚПҚ бойынша жұмыстар 54, ЖС бойынша жұмыстар 49, КСШ бойынша жұмыстар 19 шарт шеңберінде жүргізіліп жатыр. 2017 жылы жасалған шарттар шеңберіндегі инвестициялар: ҚПҚ-ға. – 7,4 млрд.теңге; КСШ-ға 6,3 млрд. теңгені құрады,  ЖС-ға – 360 млн. теңге.

       Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия биыл есептік мерзімінде ҚПҚ бойынша 30 есепке, мұнай және газ бойынша 29 есепке, жерасты суларының қорын қайта бағалау бойынша 29 есепке сараптама жүргізді. Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен пайдалы қазбалар қоры өсті. Атап айтсақ, алтын – 31 тоннаға; уран – 14,2 мың тоннаға, вольфрам – 70 мың тоннаға мұнай – 44 млн. тоннаға, жерасты сулары – 47 мың м3-қа өсті.

Халықаралық стандарттар негізінде КСШ бойынша есептілікті дайындауға қатысты Еуропалық қайта құру және даму банкінің гранты шеңберінде Lloyd’s Register және Adam Smith International компанияларының консультанттары жер қойнауы саласындағы қазақстандық реттеу нормаларын үйлестіруде.

ГЖЗ стандарттарынан халықаралық стандарттарға көшу бойынша Жол картасының тұжырымдамасы әзірленді және KAZRC / CRIRSCO және SPE-PRMS бағдарламасы әзірленді.

Европалық қайта құру және даму банкінің бөлген гранты аясында биыл 20 қарашадан бастап CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар бойынша есептіліктің халықаралық жүйесі бойынша қазақстандық мамандарды оқыту басталды. Ал, 27 қарашадан бастап SPE-PRMS мұнай ресурстарын басқарудың халықаралық жүйесі бойынша осындай курстар жүргізілетін болады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.

Каспий маңы ойпатының тереңде орналасқан қабаттарын геологиялық зерттеуге бағытталған «Еуразия» жобасын іске асыру мақсатында, 2017 жылғы 21 маусымда Энергетика министрлігі өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Комитет мынадай жобаларды жүзеге асыруға қатысады:

- «ГАЖ-Каспий өңірінің геологиялық құрамы карталарының атласын» жасау (Каспий маңындағы мемлекеттермен бірлесе);  

- «Солтүстік, Орталық және Шығыс Азияның тереңдіктеріндегі үдерістер және металлогендігі» атласын жасау (қатысушылар: Қытай, Қазақстан, Корея, Моңғолия, Ресей).

Сонымен қатар, жобалар Жер қойнауын барлау, пайдалану және сақтау жөніндегі үкіметаралық кеңестің шеңберінде жүзеге асырылады.

Комитеттің тағы бір бағыты Қазақстанда өндіруші сектордағы компаниялар мен үкімет кірістерінің ашықтығына бағытталған «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» (EITI) Қазақстанда жүзеге асырылады.

ӨСА бастамасы бойынша Маинстриминг ашық мониторинг мемлекеттік жүйесін пилоттық зерттеу аяқталды.  Ондағы мақсат - компаниялар мен Үкіметтің бұрынғы есептерін ӨСАБ-ның есептеріндегі деректердің қайталануын болдырмау.

 




Яндекс.Метрика