Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Мемлекеттік қызметкерлер өзгелерге үлгі болуы керек – Т.Жұмағұлов

Мемлекеттік қызметкерлер өзгелерге үлгі болуы керек, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мемлекеттік органдардың қызметінде еңбек тәртібіне байланысты жұмыс регламентін сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерімен жұмыс тақырыбына арналған баспасөз конференциясында.
Атырау22 Қараша , 12:13

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бүгін мемлекеттік органдардың қызметінде еңбек тәртібіне байланысты жұмыс регламентін сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерімен жұмыс тақырыбына арналған баспасөз-конференциясы өткізілді.

Шара барысында мемлекеттік органдарға жүргізіліп жатырған рейдтік шаралар мақсаты айтылып, статистикалық мәліметтер келтірілді.  

Мысалы, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде еңбек тәртібіне байланысты жұмыс регламентін сақтау және қызметшілердің мемлекеттік мекемелерде жұмыстан тыс уақытта болу фактісінің орын алмауын қамтамасыз ету бағытында рейдтік шаралар өткізілді. Қазіргі таңда, шарамен барлығы 15 мемлекеттік орган қамтылды.

«Біз мемлекеттік қызметкерлерге өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануды үйреткіміз келеді. Мемлекеттік басқару академиясында тайм-менеджментке үйрету бағдарламасы енгізілген. Кез келген қызметкер өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін жұмыс уақытын дұрыс бөлуге арнау керек. Яғни, әр адам жұмысына келгенде, мысалы, үш құжатты орындау керек болса, көлеміне қарай бөліп алсын. Біріншісін бір сағатта аяқтаймын, екіншісін осынша уақытта басшылыққа тапсырамын, ал үшінші құжат көлемдірек болғандықтан, екі сағат уақытымды алады  деп жоспарлау керектігінде» мысал ретінде келтірді», - деді Т.Жұмағұлов.

Сонымен қатар Т.Қадошұлы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне жасалған мониторинг жұмыстарына да тоқталды.

Мониторинг жұмыстарының нәтижесі жөніндегі мысалдар келтірілді, мысалы: Тамыз айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және оған бағынысты мемлекеттік мекемелерінің 263 мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізіліп,14 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желісінен Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексіндегі нормаларын нұқсан келтіретін суреттер жарияланғаны анықталды.


 




Яндекс.Метрика