Экономика

ШҚО 2016 жылғы бюджет ашықтығы бойынша көш бастады

Өскеменде Қазақстанның Ұлттық бюджеттік желісі мен «Десента» қоғамдық қоры 2016 жылғы Қазақстан аймақтарындағы жергілікті бюджет ашықтығының индексі бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысын шығарды.
Шығыс Қазақстан22 Қараша , 13:31

2016 жылғы  бюджеттің  ашықтық индексін зерттеудің  қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан  облысы 73 ұпаймен  бірінші орынға шықты.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша орташа ұпай  40-қа тең. Сондай-ақ, барлық өңірлерде жергілікті деңгейде  мемлекеттік саясаттың облыстық бюджет арқылы жүзеге асырылуы туралы ақпарат жоқ.

ШҚО әкімдігі хабарлағандай, өңір әкімдіктері үшін ұсыныстар әзірленді.

Бюджет мемлекеттің маңызды саяси құжаттарының бірі болып табылады. Жергілікті бюджеттің ашықтық индексі  облыстың бюджет ашықтығы қандай деңгейде екенін көрсетеді. 




Яндекс.Метрика