Парламент

Н.Нығматулин Қазақстанның өзге елдерге берген қарыздарын қайтару қажеттілігіне тоқталды

Палатаның кезекті жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин басқа елдердің Қазақстанға қайтаруға тиіс берешекетерін уақытында реттеу керектігіне назар аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 10:44

Нақтылап айтқанда бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттерін қайта құрылымдауға қатысты ратификациялық заң жобасын талқылау кезінде көтерілді.

Мәселен, депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты.

« Грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы, дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені, басқа елдермен қарыздар бойынша әлі реттелмеген сұрақтар бар»,-деді Мәжіліс Спикері қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қайтарылған қаржылар бюджет қоржынын толтыру керектігін айта келіп,қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек, деді ол.
 




Яндекс.Метрика