Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ТЖ өткелдер мен өтпе жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды

Республика бойынша көшкін қауіпті аумақтың ауданы 105 шаршы шақырымды құрайды және 703 көшкін қауіпі жоғары бөлік бар. Бұлар негізінен Алматы қаласы, Алматы облысы, ШҚО, ОҚО-ында орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзірлігі» тақырыбындағы брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 22 Қараша, 09:11

ІІМ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға байланысты қиын кезеңге арнап жалпы саны 12 мыңнан астам адам және 2 мың техникадан тұратын авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарын дайндаған.  

Көшкін қаупі жоғары аумақтарға байланысты: «Еліміздің таулы аудандарында 2 мыңға жуық қар ұстайтын қалқандар бар, оның 35-і жөнделді, 70 қар ұстайтын қалқан қалпына келтірілді»,-деді Юрий Ильин өз сөзінде.

Бүгінгі күні 76 мұздық автомобиль өткелдері, 77 жаяу жүргінші жолдары және 412 суасты балық аулау орны анықталды. Төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірігіп өткелдер мен өтпе жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамақ. Оның ішінде ескерту белгілері, қауіпсіздік шаралары жазылған көрнекі маңдайшалар мен арнайы қалқандар орнатылды. Сонымен қатар әлеуметтік тұрмысы нашар халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика