Адами капитал

Астанада «Қазақстан, балаға дос» фестивалі өтуде (ФОТО)

Астанада Дүниежүзілік балалар күнін атап өту аясында «Қазақстан, балаға дос» республикалық балалар фестиваль-форумы өтуде.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 20:43

Бұл шара ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР-дағы балалар құқығы бойынша уәкілдіктің, Қазақстандағы ЮНИСЕЙ БҰҰ балалар қорының қолдауымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде.

«Өскелең ұрпақта белсенді азаматтық позицияны және «Мәңгілік ел»  жалпыұлттық идеясы негізінде жоғары өнегелікті қалыптастыру керек», - деп атап өтті ҚР МСМ.

Форумға 320 бала – қоғамдық балалар ұйымының көшбасшылары, еліміздің барлық аймақтарынан келген республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысуда.  

Сонымен, ақпарат бойынша, қатысушылар үшін елімізде балалар қозғалысын насихаттау, ұйымдастыру, балалардың шығармашылық, қоғамдық және ғылыми әлеуетін көрсету, балалар ұжымдары арасындағы байланысты нығайту, шешім қабылдау кезінде балалардың құқығын жүзеге асыру  бойынша маңызды мәселелерді талқылауға арнайы алаңдар ұйымдастырылады.

Қатысушылар елорданың көрнекті жерлерін аралайды. Ал, фестивальдің салтанатты жабылуы ретінде гала-концерт өтеді. Қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар тарту етіледі.

Фото:  Азмата Әлиев




Яндекс.Метрика