Рухани жаңғыру

Қазақстанның қазіргі заманғы әдебиеті: Оңайгүл Тұржан

Эксклюзив
Ruh.kz порталында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақстанның қазіргі заманғы әдебиеті» жобасы іске қосылды. Жобаға елдің танымал әрі шығармашыл тұлғалары қатысуда. Осындай жарық жұлдыздардың бірі ақын Оңайгүл Тұржан.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 20:34

Жоба «Әдебиет», «Театр және кино, хореография», «Өнертапқыш» бөлімдерінен тұрады.

Оңайгүл Тұржанның есімі заманауи авторлардың ішінде ерекше танымал.   Ол  ақын, филология ғылымдарының кандидаты Еуразия университетінің доценті.

Еңбек жолын Алматыда Қазақ Мемлекеттік Телерадио Комитетінде режиссердың ассистенті қызметімен бастаған.

1982-84 жылдар аралығында Қарағанды облыстық Телерадиосында редактор-комментатор, 1985-1990 жылдар аралығында Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

990-1995 жылдар аралығында Алматы қаласында республикалық «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1997-2000 жылдар аралығында Алматыдағы республикалық «Қазақстан» баспасында редактор-менеджер болып жұмыс істеді.

2000 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Телерадио және PR» кафедрасының доценті қызметінде. Филология ғылымдарының кандидаты, «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографиясы, «Шерқала» (1998),«Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2005) атты өлең жинақтарының авторы. Стефан Цвейгтің, Зигмунд Фрейдтің еңбектерін қазақшаға аударған.

Айта кетейік, «Қазақстанның қазіргі заманғы  әдебиеті»  жобасына   қатысушылар жұмыс тобының белігілі талаптарына сай деген сөз. Сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жарияланған туындылар да таңдалып алынды.

Ақбота Күзекбай

 

 

 




Яндекс.Метрика