Басқару

59 ҮЕҰ 4,5 млн теңгедеп сыйақы алды

Шабыт қазақ ұлттық өнер институтында үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беру салтанатты шарасы өткізілді. Сыйақыны еліміздің әлеуметтік мәселелерін салалық және аймақтық деңгейде шешуге қосқан үлесі үшін 59 ҮЕҰ алды. Әр сыйақының көлемі 4,5 млн теңгеден болды.
Нұр-Сұлтан 21 Қараша, 16:17

Ұйымдастырушылар хабарлағандай, барлығы 230 өтінім келіп түсті. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықтар республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқаны үшін 15 номинация бойынша берілді. Ең көп өтінім мына бағыттар бойынша тіркелді: халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау,  жастар саясаты мен балалар бастамасын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

ҮЕҰ өкілдері атап өткендей, мұндай байқауларды ұйымдастыру Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды қадам және де үкіметтің ҰЕҰ-ға қаншалықты қолдау көрсететінін аңғартады.

«Біз 15 жылдан бері денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау, мүгедектігі бар тұлғалардың репрадуттивті денсаулығын қорғау саласында жұмыс істеп келеміз және  де бұл осы саладағы алғашқы маңызды награда», - деп бөлісті «Мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы»ҚБ төрағасының орынбасары Захира Бегалиева.           

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративті қорының директоры Виталий Куликтың айтуынша, бұл жүлде жауапкершілікті жүктейді.

«Бізді бүгін өз кәсібінің нағыз мамандарына құрмет көрсетіліп жатқаны қуантады, бұл алға мақсат қоюға итермелейді. Бұл жүлде тек жетістік қана емес, сонымен қатар жауапкершілік. Енді ҮЕҰ-лар бұданда жақсы жетістіктерге жетуге ұмтылатын болады», - деп атап өтті «ЗУБР» әлеуметтік корпоративті қорының директоры Виталий Кулик.

Қайрат Жандыбаев

Фото:  Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика