АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Агроғылым саласын жетілдірудің тың бағыттары жүзеге асырылуда

Қазақстанның аграрлық ғылымында өсімдік пен мал шураушылығында кең қолданылатын өзінің бәсекеге қабілетті жетістіктері бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауын талқылауға және іске асыру шараларына арналған «Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында айтылды.
Нұр-Сұлтан 21 Қараша, 16:54

Қазіргі таңда қолдануға жарамды қазақстандық селекцияның 160 сорт пен будандар (25 дақыл) түрі, соның ішінде 39 картоп сорты, 103 – бақша дақылдары және т.б. бар.

Баспасөз мәслихатына ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Нәметов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Еркін Сәтенбаев, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәмір Егізбаев және «Агротехнологиялар трансферті мен коммерциялизация орталығы» ЖШС Бас директоры м.а. Азамат Садықов қатысып, жасалған жобалар мен мемлекеттік бағдарламар туарлы мәлімет беріп, журналистер сұрағына жауап берді.

«Біздің ҒЗИ генетика, физиология және биотехнолгия әдістерін қолдану арқылы бірнеше технологиялар әзірленген. Мәселен, Қарабалық тәжірибелік стансасының «Герда» күздік жұмсақ бидай сорты. Бұл сорт жоғары аязтөзімділігімен ерекшеленеді, өсімдіктің көктеуі қарсыз күзгі суықта -17 °С дейін төзімді», - деп атап өтті «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар Нәметов.

Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. «ҰАҒБО» КЕАҚ жүйесінде ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған.

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика