Ұлттың денсаулығы

Павлодарда облыстық балалар психикалық-неврологиялық орталық қоныс тойын тойлады

Павлодарда медициналық-әлеуметтік мекеме бұрынғы балабақша ғимаратынан аумағы екі мың шаршы метрден асатын ғимаратқа көшті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар 21 Қараша, 15:46

Психикалық ауытқулары бар 3-18 жас аралығындағы балаларға түрлі қызмет көрсететін орталық 15 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында мектепке дейінгі мекеменің бір бөлігінде отырған. Жуырдан бастап 50-ден астам бала Толстой көшесі, 143/1 мекенжай бойындағы ұзақ уақыт бос тұрған ғимаратта оңалтудан өтуде. Кең ғимараттың ішінде күндізгі бөлімше, асхана және кір жуу орны қарастыры

«Орталықта тігін, әдіскер, дефектолог және логопед кабинеттері, сенсорлық бөлім, еңбек терапиясы кабинеті мен емдеу-дене шынықтыру мәдениеті залы бар.Біздің мекеме қажет құралдармен толық жабдықталған», - дейді орталық директоры Айман Құсдәулетова.

Жуырда қоныс тойын атап өткендерге Павлодар облысының әкімі қонаққа келген. Ол орталыққа көшу идеясы бұрыннан бері айтылып келе жатқанын атап өтті. - Орталыққа жақсы жол жасау керек, - деп Болат Бақауов тапсырма берді. – Екіншіден, мекеме үнемі су және жылумен қамтамасыз етілуі үшін коммуникацияны реттеу қажет.

 





Яндекс.Метрика