Үкімет

Ресей дүкендерінде қазақстандық азық-түліктің үлесі артуда

Ресей дүкендерде қазақстандық азық-түліктің үлесі артуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 10:36

«Ресей, Орталық Азия және Қытай Қазақстанның өңделген өнімдерді өткізетіннегізгі негізгі нарығы болып қала береді. Жыл басынан бері Ресейде тек қазақстандық өнімдерді сататын шамамен 20 мамандандырылған дүкен ашылды. Ресейдің дүкендері мен супермаркеттерінде қазақстандық азық-түлік өнімдерінің үлесі артып келеді»,-деді Жеңіс Қасымбек өз сөзінде.

Отандық өндірістің уақтылы қызмет көрсетуі Ресейдегі тұз нарығының 13% -ын иеленуге мүмкіндік берді.

 «Экспорттың жалпы көлемі 2 млрд. АҚШ долларынан асады немесе 145 млн. тонна өнім. Атап айтқанда, Ауғанстан, БАӘ мен Иранға ет пен құс еті және Қытайға өсімдік майы мен бал жеткізілімдері басталды»,-деп атап өтті министр.

Қытайдағы сервистік қолдау аясында 40 қазақстандық өндірушінің таныстырылымы өтті.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика