Басқару

МЖӘ – бұл ұзақмерзімді тұрақтылық (ВИДЕО)

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қарым-қатынасының тиімділігі туралы Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Гүлзия Шерова «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 20 Қараша, 18:14

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  жобасы – ұзақмерзімділік пен тұрақтылық.  МЖӘ келісімдері  3-тен  30 жылға дейін  жүзеге асырылады.  МЖӘ туралы  заңға небәрі екі жыл болды. Жобалардың сұранысқа ие  бағыттары – денсаулық сақтау, емханалар мен дәрігерлік амбулатория  құрылысы жүріп жатқан нысандар мен білім беру  саласы, балабақшалар мен мектептердің, колледждердің құрылысы», - деді Г.Шерова.

Ол мемлекетік  қолдау шараларын қарастыратын   МЖӘ механизмі туралы да айтып өтті.

«МЖӘ заңы бойынша шығындарды өтейтін бірқатар көздер бар. Мемлекеттік қолдау  шаралары бойынша айтатын болсақ,  инвестициялық шығынның төлемақысы, басқаруға сыйақы беру, сапа», - деді ол.

Сондай-ақ, ол келісім мерзімінде жеке серіктес  барлық талапты орындаса, оған сыйлық ретінде сыйақы беріледі.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика