Парламент

А.Атамбаевтың пікірі бауырлас халықтардың қарым-қатынасына зиянын тигізбейді – Н.Нығматулин

Алмазбек Атамбаевтың айтқандары бауырлас елдердің қарым-қатынасына зиянын тигізе алмайды, деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Алмазбек Атамбаевтың пікіріне қатысты.
Нұр-Сұлтан 20 Қараша, 14:39

 Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан халқын   үнемі қолдап, көмектесіп жүреді.

«Қырғызстан халқы да Қазақстан көшбасшысына ризашылықпен қарайтынын білеміз. Сондықтан,  Атамбаевтың негізсіз популистік пікірлері  бауырлас елдердің қарым-қатынасына зиянын тигізбейді», - деді Н.Нығматулин.

Спикер айтып өткендей,  Президенттік еткен кездері Атамбаев аса үлкен көрсеткіштерге жете алмады.

«Атамбаевтың өзіне келетін болсақ, өз президенттігі кезеңінде ол экономикада да, саясатта да аса үлкен көрсеткіштерге жеткен жоқ. Ал, кетерінің алдында ішкі мәдени және саяси мәдениеттен жұрдай екңенін көрсетті», - деді ол. 





Яндекс.Метрика