Экономика

Қаржы министрлігі корпоративтік инфрақұрылымды жақсарту жоспарын таныстырды

ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстанның корпоративтік есептілігінің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқыланды.
Нұр-Сұлтан 20 Қараша, 15:53

Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін еліміздегі корпоративтік есептілік сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимылдар жоспарын талқылауға ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қазақстандық қор биржасының, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Жоспар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелерін қамтиды, өйткені ел үшін тұрақты даму жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарды белгілеу сияқты осындай ауқымды және жаңа іс-шараларды көздейді.

Қазақстанда корпоративтік есептілік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын Қаржы министрлігі 2015 – 2016 жылдары Қазақстанда корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша БҰҰ берген ұсынымдарды орындау мақсатында әзірледі.Жоспар өзіне 15 іс-шараны қамтиды.





Яндекс.Метрика