Парламент

Біз ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көбейтеміз – Д.Абаев

Жақын арада Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне жалақы көбейтіледі, деді Парламент Мәжілісінде Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 12:50

«Қазақстанның барлық халқы  мемлекеттік қызмет алуға келгенде  ХКҚО операторынан бастайды. Осы орайда шешетін проблемалар жеткілікті. Біріншіден, жалақы мәселесі.  Орташа айлық 65 мың теңгені құрап отыр. Осы бағытта біз республикалық бюджет  және мемлекеттік корпорация арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Олар өз бюджеттерін дұрыс басқаруы керек», - деді министр.

Сондай-ақ, Д.Абаев ведомство ХҚКО  жұмысын жақсартатынын айтты.

«Мәселен, Грузия – керемет үлгі, олар тиімді  жұмыс істейді.  Грузияда 15 халыққа  қызмет көрсету орталығы бар. Қазақстанда  380 және онда  20 мың адам жұмыс істейді. Біз қызметкерлермен  жеке әңгімелесу арқылы барлығын шешетін боламыз. Жұмысты жақсартамыз», - деді Д.Абаев.

Үкіметтік сағаттан кейін   Д.Абаев  журналистерге қызметкерлер жұмысын сараптау үнемі жүргізілетінін айтты.

«Біз жалақыны арттырамыз, әлі мәселе қарастырылып жатқаннан кейін нақты қанша пайызға өсетінін айта алмаймыз. Кімнің қалай жұмыс істейтіндігі туралы сараптама жүргізілуде. Бізде жақсы жоба бар, ол бойынша кабинкалар орнатылады, ел бойынша кез келген  аймақтағы бос оператор қызмет көрсете алатын болады. Мәселен, Астанада бос оператор болмаса, Жезқазғандағы қызметкер онлайн түрде халыққа қызмет көрсете алады», - деді министр.

Айта кетейік,  ҚР Мәжілісінің депутаттары арнайы мамандандырылған ХҚКО-да, №8 ХҚКО бөлімінде, «ҰАТ»АҚ бірыңғай байланыс орталығында, сонымен қатар Астананың жаңғыртылған ахуал орталығында болды. Олар  Грузияның тәжірибесіне таңғалды, себебі олар операцияны  7 минутта өткізеді. 

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика