Парламент

Астанада операторлардың қатысуысыз «Digital-ХҚКО» іске қосылады

Жақын арада елордада ашылатын «Digital-ХҚКО-да» операторлар болмайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 11:53

«Жақын арада Астанада digital-ХҚКО-ны ашу жоспарланып отыр. Онда операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандырылған режімде алу қарастырылған. Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашу мемлекеттік қызметтердің жаңа форматына көшудің кезеңі болады. Осы орайда азаматтар қоғамдық пунктер, өзіне қызмет көрсету секторлары мен арнайы стендтердегі планшеттер көмегімен электрондық өтінімдерді береді», - деді министр Д. Абаев.

Бүгінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету процестерін одан әрі дамыту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Атап өтсек, ең алдымен, «электрондық үкіметтің» және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіру мен дамыту шаралары ескерілген.

«Қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің  621-і немесе 83 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттік корпорация арқылы алуға қауқарлы. Еліміз бойынша оның 349 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 мыңға жуық қызметкер жыл сайын 34 миллионнан астам қызмет көрсетуде», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр мобильді ХКҚО-лар Қазақстанның жергілікті жерлерінде жылына 13 мыңнан астам қызмет көрсеткенін хабарлады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика