Парламент

Мобильді ХҚКО-лар Қазақстанның жергілікті жерлерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетті

Мемлекеттік қызмет көрсету процессін жетілдіру бойынша міндеттердің орындалуы туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта айтып берді.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 11:21

Д.Абаев айтып өткендей,   қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің  621-і немесе 83 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттік корпорация арқылы алуға қауқарлы.

«Ең алдымен, «электрондық үкіметтің» және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорацияның қызметін үйлестіру мен дамыту шаралары ескерілген.Еліміз бойынша оның 349 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 мыңға жуық қызметкер жыл сайын 34 миллионнан астам қызмет көрсетуде. Электронды Үкімет  инфрақұрылымы  бойынша  452 мемлекеттік қызметкер қолжетімді,  190 млн электронды қызмет крсетілді.  «Азаматтарға арналған үкімет»  жұмысындағы маңызды бағыт – шалғайдағы  жергілікті жерлердің тұрғындарына қолжетімділікті арттыруды жетілдіру. Осы мақсатта Қазақстанда 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді, олар жылына  13 мыңнан астам қызмет көрсетеді», - деді министр.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев  айтып өткендей,  «Қазпочтамен» бірігіп,  ұлттық пошта операторы кеңселерінде  мемлекеттік қызмет көрсету жобасы жүзеге асырылуда.

Министрдің айтуынша, қажеттілігі жоғары жандарға кедергісіз орта құру мен   жайлылықты қамтамасыз ету  бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Биыл  сөйлеу мен есту кемшіліктері бар тұлғаларға   онлайн-сурдоаударма қызметі іске қосылды.  Корпорацияның  фронт-кеңселерінде мүгедектер арбасын шығаратын тетікше мен пандустар бар. Сондай-ақ, Брайль мәтінімен ақпараттық такқтайшалар орнатылған. Мемлекеттік корпорацияның әртүрлі  позициясында  475   қажеттілігі жоғары қызметкер жұмыс істейді», - деді ведомство басшысы.

Д.Абаев айтып өткендей, биылғы жылдың басынан бастап құжаттың дайындығы бойынша смс-хабарлама, телеграмм-бот,  үйге дайын құжаттарды жеткізу, Электронды Үкімет порталынан ЭЦҚ  тіркелімінсіз анықтама алу қызметтері қосылды.

«Сондай-ақ,  мемлекеттік корпорация кеңселері  бірыңғай кесте бойынша  9-00-дан  20-00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, Астаана, Алматы және Шымкент қалаларында  тұрғындардың қолайлығы  үшін  түн ортасына дейін  жұмыс істейтін ХҚКО-лары бар», - деді Д.Абапев.

 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика