Адами капитал

Қазақстан мен Ресейдің еңбек министрлері екіжақты кездесулер өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 19:13

Бірлескен жобаның мақсаты - әлеуметтік-еңбек саласында достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту болып табылады. Біріккен жұмыс жоспары бірнеше бағытты қамтиды. Яғни, тараптар жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен өзара алмасуды көздеп отыр. Құжаттың тағы бір маңыздылығы - халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында тәжірибе алмасуға уәкілетті мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын арттыру.

Екіжақты ынтымақтастық жобасы тараптардың халықаралық құқықтық нормалар мен ұлттық заңнамаларына сәйкес ұзақ мерзімді және тұрақты негізде тиімді, әрі тең құқылы, өзара іс-қимылдарға мүдделі екендігімен тығыз байланысты болып отыр.  

Сонымен бірге аталған Меморандум бірлескен кездесулер, консультациялар, ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуде екі ел арасындағы қатынасты нығайтуға бағытталған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, құжат екі мемлекеттің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қамтиды.

 




Яндекс.Метрика