Экономика

Оңтүстікте өнеркәсіп кәсіпорындары 684 млн теңгеге жуық өнім өндірді

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков хабарлады.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 12:13

2017 жылғы қаңтар-қазандағы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму жайын баяндаған департамент басшысы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 683 808 млн. теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.

«Осы жылдың он айында өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 683 808 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласымен 146 056 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібінде 467 773 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 57 454 млн. теңге, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша 12 524 млн. теңгенің өнімі өндірілді», - деді А.Әбілдабеков.

Бұдан бөлек, спикер ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 471 550 млн. теңгені құрағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артқанын және мал шаруашылығы 3,4 пайызға өсіп, 188 192 млн. теңгеге жеткенін айтып, осы бағытта облыс республика көлеміндегі үлесі бойынша 2-ші орында екенін айтты.

Департамент басшысының мәліметінше, облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 қарашаға 177 014 бірлікті құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға жоғары. Ал, осы шағын және орта кәсіпкерлікте 357 412 адам жұмыспен қамтылса, тауарлар, қызмет көрсетулер бойынша 381 632 млн. теңгенің өнімі шығарылған.




Яндекс.Метрика