Экология

Б.Байбек Алматының экологиялық дамуы туралы баяндады

Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы 17 Қараша, 18:42

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық векторлары қамтылғанын және олардың бір бөлігінің жүзеге асқанын атап өтті.

Мысалы, ұзындығы 96 шақырым болатын қоғамдық көліктің арнайы жолағы жасалды, соның арқасында жылжымалы составтың орташа жылдамдығы 1,5 есе артты, жолаушылар легі 30%-ға көбейді. Құрманғазы және Шевченко көшелерінің бойында бір бағыттық қозғалыс ұйымдастырылды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында көше- жол жүйесінің жүктемесі төмендеді, бюджет төлемі бес есе өсті. «Орбита» ықшам ауданынан «Көкбазарға» дейін велодәлізі жасалды, 1730 велосипеді бар 200 велобекет пайда болды. Нарық қатынасын дамыту және көлеңкелі табысты сыртқа шығару барысында қаланың автобус парктері жаңаруда, бюджеттің және жеке тасымалдаушылар қаржылары есебінен сыйымдылығы әртүрлі 675 жаңа автобус алынды. BRT жобасы іске асуда, ЖРК жобасына дайындықтар жүруде, метрополитен желілерінің құрылыстары жүруде.

Алматы әкімі қалада көлікке қатысты реформалар «Алматы-2020» бағдарламасына сай жасалып жатқандығын, ал бұл бағдарламаны халықтың барлық топтары, сарапшылар, халықаралық институттар, бизнес пен түрлі қоғамдық ұйымдардың ашық талқылағанын және краудсорсинг қағидасы бойынша қабылданғаны қадап тұрып айтты.

«Ең маңызды аспект, Президентіміз айтқандай, Бес институционалды реформаларға қатысты, олар – билік пен бұқара арасындағы жаңа қарым- қатынас, ашықтық пен есеп беру. Бағдарламаның негізгі тарауының бірі «Белсенді азаматтар қаласы» деп аталады.Біз алматылықтардың барынша белсенділігі үшін мақтанамыз. Оларға арқа сүйейміз және әр ұсыныстарына деру мән береміз, сөйтіп қала тұрғындары маңызды мәселелерді шешуге көмектесуде. Өз реформаларымызда біз екінші аспект ретінде еліміздің барлық маңызды құжаттарында көрініс тапқан ОЭСР стандарттарына жүгінеміз. Жергілікті деңгейде Ұлттық стратегияны жүзеге асыру біз үшін өте маңызды, ол нақтылы индикаторлар мен іс- қимылдан көрініс табатын болады. «Алматы-2020» бағдарламасының басты шарты - экология. Біздің жасап жатқандарымыздың барлығы, яғни көлік реформасы, жүргінші жолы, велоинфрақұрылымы, ақылы көлік тұрақтары, арнайы жолақтар, жаңарған автобус парктері, ТЭЦ-ті газға көшіріу, Әл- Фараби даңғылының жоғары жағына құрылыс салуға шектеу қою, осының барлығы экологияны жақсартуға бағытталған», -деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің және Барселонадан, Вена мен Батумиден келген халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтіп жатқан екі күндік конференция кезінде жобаға қатысты жүзеге асқан оң істер туралы айтылып, Қазақстан қалаларында тұрақты көлік қозғалысы мен жинақылық жөнінде нақтылы ұсыныстар талқыланады.

«Дамыған көлік жүйесінсіз қаланың тұрақты өркендеуі мүмкін емес. Кез- келген мегаполисте көлік реформасы барынша күрделі. ПРООН бағдарламасының үлкен жетістігі болып табылатын «Тұрақты көлік» жобасы 2023 жылға дейінгі маңызды құжат, бұл көлікті жоспарлаудың интенсивті әдісі, оның оң нәтижесін біз Алматы қаласындағы көлік саласының дамуынан көріп отырмыз. Соңғы жылдары жеке көлікті пайдалану 50%- дан 41%-ға төмендеді, қоғамдық көлік, велосипед, жүргінші жолдар өркен жая бастады. Мен елдің ірі мегаполисінің оң тәжірибесі Қазақстандағы көлік саласын жаңғыртудың катализаторына айналатынына сенімдімін», - деді Қазақстандағы ПРООН-ның тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.

 





Яндекс.Метрика