Үкімет

Қазақстандағы жүк тасымалы 11 пайызға артты

2017 жылдың 10 айында жүк тасымалы 11 пайызға артып, 216,7 млрд тонна шақырымды құрады. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ президенті Оралхан Кулаков Үкіметтегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Астана қаласы15 Қараша , 12:58

О. Құлақов айтып өткендей, темір жол көлігі саласында жүргізілген реформалар вагон бизнесін либералдауға әкелді,  жеке инсвестициялар мен  вагон операторлары пайда болды. Осылайша «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының үлесі  қазақстандық жүктеуде  толық көлемнің  40 пайызын құрады.

««ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» АҚ инфрақұрылым мен  экспорттық тасымалдарды  дамыту үшін қолайлы  жағдай туғызатын бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Біріншіден, бұл жан-жақты мемлекеттік қолдау арқылы сапалы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Соңғы  9 жылда  инфрақұрылымды дамытуға  құйылған инвестиция көлемі 26 млрд долларды құрады», - деді О.Құлақов.

Ол айтып өткендей, Каспий арқылы жүк тасымалының әлеуетін арттыру үшін  порттық инфрақұрылым дамытылуда: Ақтау портының солтүстік  бағытын кеңейту  жобасы аяқталды. Құрықтағы темір жол-паром кешені пайдалануға берілді.

«Ақтау халықаралық портын кеңейту есебі мен Құрық паромды кешенінің құрылысы  Каспийдегі қазақстандық қуаттылық  16-дан  26 млн тоннаға  2018 жылы жетеді», - деді ол. 

 




Яндекс.Метрика