Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Индустриаландыру күні: Желтоқсанда 18 жаңа индустриалды жоба іске қосылады

Биылғы жылдың 6 желтоқсанында 2017 жылдың индустриалды – инновациялық қорытындылары жүргізіледі. Индустрияландыру күні аясында 18 жаңа индустриалды жоба іске қосылады.
Астана қаласы15 Қараша , 12:17

Қазіргі таңда елімізде 11 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және 22 индустриялық аймақ (ИА) жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, АЭА құрылған сәттен бастап 682 млрд теңгеден астам сомаға 157 жоба іске қосылды, 11,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Биыл тағы 100 млрд теңгеге үш мың жаңа жұмыс орнын құрумен 24 жобаны іске асыру жоспарлануда, және тағы 20 жобаның құрылысы басталады.

ИА алаңдарында 100 млрд теңге сомасына 115 жоба іске қосылды, шамамен сегіз мың жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, жер телімін бөлу рәсімдерін жеңілдетуге, преференциялар ұсынуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге қатысты арнайы экономикалық және индустрияландыру аймақтары туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қорытындылай келе, Ж. Қасымбек 6 желтоқсанда Индустрияландыру күнінде осы жылдағы индустрияландыру жұмыстарының қорытындысы шығарылатынын хабарлады.

«Біз Телекөпір аясында жалпы сомасы 399 млрд теңгеге 18 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан өзге, 26 жоба бойынша телевизиялық ролитерді көрсету жоспарымызда бар», — деді Ж. Қасымбек 31 қазанда өткен Үкімет отырысында.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру ИИДМБ өнеркәсіптік саясаттың бір бөлігі болып табылады.

ИИДМБ-де 2019 жылға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі төрт мақсатты индикатор қарастырылған: өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдер экспортының құндық көлемінің өсімі, еңбек өнімділігінің нақты өсімі, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің арттыру және оның энергия сыйымдылығын төмендету.  

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика