Халықаралық интеграция

Қазақстан мен БАӘ-нің қарулы күштері ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның әскери делегациясы ҚР Қорғаныс министрінің басшылық етуімен 15-ші халықаралық «Dubai Airshow 2017» көрмесіне қатысты.
Әлемде 14 Қараша, 19:47

««Dubai Airshow» Үкімет пен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің қолдауымен өткізілетін әскери және азаматтық авиаөнеркәсіп саласындағы жетекші әлемдік оқиға болып табылады. Авиациялық-ғарыш салонының жұмысы барысында қазақстандық делегация әскери, оның ішінде, ұшқышсыз авиацияның тың жаңалықтары және даму үрдістерімен танысты», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Көрме шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Мұхаммед бен Ахмед Әл-Бауардимен кездесті. Тараптар әскери ынтымақтастықтың дамуының келешек бағыттарын талқылады және оларды жоспарлы негізге көшіру туралы тараптардың ниеттерін растады.

«БАӘ әміршісі Шейх Заид бен Сұлтан Әл-Нахаян және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған елдеріміз арасындағы сенімділік қарым-қатынастар жыл сайын нығая түсуде және анағұрлым жоғары деңгейге шығып келеді. Қатысушылар ретінде және бақылаушылар ретінде болсын Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін оқу-жаттығулар мен сайыстарға БАӘ Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығы мен қатысуына айрықша назар аударғым келеді», - деп ҚР Қорғаныс министрі құттықтау сөзінде атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық әскери ведомство басшысының БАӘ Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Тани Әл-Румейсимен келіссөздері өтті. Онда өңірлік қауіпсіздік, заманауи қауіп-қатерлерге төтеп беру мәселелері жөнінде пікір алмасу өткізілді.

Бұдан басқа, БАӘ ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Ибрагим Насер Әл-Алауидің бастамасымен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбеновпен кездесу ұйымдастырылды.

Делегацияның өткізген жұмыс қорытындысы бойынша таяу болашақта қорғаныс саласындағы ҚР мен БӘА өзара іс-қимылын дамыту мен нығайтудың қосымша бағыттары айқындалды.
 





Яндекс.Метрика