Халықаралық интеграция

Африка – Қазақстан үшін болашағы зор серіктес – Е.Ашықбаев (ВИДЕО)

Африка – Қазақстан үшін болашағы зор серіктес. Бұл туралы сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Астанадағы тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік симпозиумы барысында хабарлады.
Астана қаласы 14 Қараша, 17:19

«Симпозиумның мақсаты африкалық құрлықтағы реформаларға қолдау көрсету. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы БҰҰ-ға арнаған үндеуінде қауіпсіздік саласындағы негізгі 7 басымдылықты атап көрсетті. Солардың бірі Африкаға қолдау көрсету болып табылады. Сондықтанда біз тұрақтылықсыз бейбітшілік болмайды деген түсініктен шығып отырмыз. Осылайша, біз афракалық мемлекеттердің дамуына қолдау көрсетуге тырысудамыз. Оның үстіне бұл шара жаһандық диалогтың бір бөлігі болып табылады», - деді сөз басында Е. Ашықбаев.

Бұдан басқа, ол атап өткендей, аталмыш симпозиумде Қазақстанның индустрияландыру бойынша тәжірибесі кеңінен таныстырылатынын тілге тиек етті.   Сондықтанда, осы тақырыптардың барлығы африкалық әріптестер үшін қызықты.

«Жасыратыны қазақстандық тарап үшін жаңа өткізу нарықтарын іздестірудеміз.  Осы тұрғысында Қазақстан Африканы болашағы зор серіктес ретінде қарастырады», - деп атап өтті Е. Ашықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада даму мен экономикалық әртараптандыру, ТДМ негізінде Африкадағы индустриаландыру бойынша тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік жаһандық симпозиумы өтіп жатыр. Шараға 40 африкалық үкімет өкілі, зерттеу орталықтарының мүшелері мен даму институттарының өкілдері қатысты.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика