Энергетика

Астанада 50 электр қуаттау бекеті орнатылады

Электр көліктеріне қажетті инфрақұрылымдарды жасаудың пилоттық жоба аясында ӨКМ Операторы Астана мен Алматы және «Астана-Щучинск» тас жолы бойына орнатылатын қуаттау бекеттерінің алдан ала орыны нақтылады, деп хабарлады елорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы15 Қараша , 09:08

Елорданың мемлекеттік мекемелері алаңдарында, спорт кешендерінде, ойын-сауық орталықтары  мен тұрын үй кешендеріндегі тұрақтарда  50 электр қуаттау бекеті орнатылады. Астанада орнатылатын 17 ЭҚБ ашық алаңда қойлады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ, электр көліктерді жабық ғимаратта қуаттайтын мүмкіндік қарастырылған. ЭҚБ алдын ала тізімі Астана қаласы әкімдігімен келісілген. Ол тізімнің ішінде Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан» Орталық концерт залы, «Барыс-Арена» мұз айдыны, «Mega SilkWay» ОСО еніп отыр.     

 Қазіргі уақытта ӨКМ Операторы алғашқы 20 электр бекетін орнатуды қолға алды. Қалған ЭҚБ-нің электрмонтаждау жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Алматы қаласы бойынша ЭҚБ орнатылатын жердің тізіміне Ғ.Мүсірепов атындағы балалар театры ауласы, Әйтеке-би мен Панфилов көшесінің қиылысы, Абай даңғылы 52, Сәтбаев 90 көшесіндегі тұрақта орнатылады. Оңтүстік астанада қойылатын 50 ЭҚБ орынын  нақтылау Алматы қаласы әкімдігінің қарауында.  

 «Астана-Щучинск» тас жолының бойына 9 қуаттау бекетін орнату жоспарланып отыр. Айтап айтқанда: Шортанды ауылдық округі – жолдың екі жақ бетінде 2 ЭҚБ, Ақкөл ауданы – жолдың екі жақ бетінде 2 ЭҚБ, Макинка ауылы – жолдың екі жақ бетінде 2 ЭҚБ

Щучье қаласының орталығында 3 бірдей ЭҚС орнатылады.     

Электр көліктеріне қажетті инфрақұрылымдарды жасаудың пилоттық жобасын ҚР энергетика Министрлігінің мақұлдаған. Аталған жоба аясында Астана мен Алматы қаласында (50 бекеттен) және «Астана-Щучье» (9 бекет) тас жолы бойында бас-аяғы 109 электр қуаттау бекеті орнатылатын болады.

Қазіргі таңда Астана мен Алматы қаласында 4 ЭҚБ орнатылды.  Елордада ЭҚБ «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Халықаралық әуежай аумағында, екіншісі «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңына қойылды. Алматыда электр қуаттау бекеті қала әкімдігі ауданында және Достық даңғылы бойына орнатылған.  

Бүгінгі таңда Қазақстанда 150-ге тарта электр көлігі қолданыста жүр. ӨКМ Операторының қолға алған пилоттық жобасының басты мақсаты – электр көліктеріне қажетті инфрақұрылымды дамытып, халықтың электр көлікке  көшуіне  мүмкіндік жасау.  

 

 




Яндекс.Метрика