Қазақстан және БҰҮ

Астанада тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік симпозиумы өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада даму мен экономикалық әртараптандыру, ТДМ негізінде Африкадағы индустриаландыру бойынша тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік-Оңтүстік жаһандық симпозиумы өтіп жатыр. Шараға 40 африкалық үкімет өкілі, зерттеу орталықтарының мүшелері мен даму институттарының өкілдері қатысты.
Астана қаласы14 Қараша , 12:07

«Бүгінгі симпозиумның мақсаты африкалық континентте реформаны қолдауға негізделген. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі саяси үндеуінде біздің қауіпсіздік кеңесіндегі жұмыстың  7 басым   бағытын анықтап берді. Оның біреуі Африкаға көмектесу болып табылады. Африка БҰҰ қауіпсіздік кеңесі жұмысының басым бөлігін   алып жатыр. Сондықтан, әлемде тұрақтылық болмай, даму болмайды деген ұғымға келдік», - деді Сыртқы істер  вице-министрі Ержан Ашықбаев.

Айта кетейік, соңғы онжылдықта Сахараның оңтүстігінде тұрақты экономикалық өсім байқалып отыр. Кабо-Верде, Эфиопия, Маврикий, Руанда және ОАР құрылымдық экономикалық түрленуде үлкен жетістікке жетті.  2015 жылдан бастап Африкадағы экономикалық өсім  3 пайызға төмендеді, ол шикізат ресурстарына бағаның төмендеуімен байланысты болып отыр.

 

Қайрат Жандыбаев

Фото: Азамат Әлиев 




Яндекс.Метрика