Үкімет

ҚР СІМ Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтар үшін алғыс білдірді

Жуық арада қазақстандықтар Қазақстанға жеткізілетін болады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Үкіметте.
Астана қаласы14 Қараша , 11:38

«Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Шешен Республикасының астанасы Грозный қаласына Сирияның қақтығыстар аймағынан бірқатар адамдардың үлкен тобы жеткізілді. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары да болды. Атап айтар болсақ, ол 1988 жылы туылған, Орал қаласының тумасы әйел адам және оның кәмілет жасқа толмаған төрт баласы бар. Балалардың ең үлкені бес жаста, ал ең кішкентайы 2017  жылы туылған. Оларды әуежайда Ресейдегі Қазақстан елшілігінің мамандарды қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізілетін болады», - деп атап өтті Әнуар Жайнақов.

Бұдан басқа, министрлік ресейлік тарапқа және Шешен Республикасының басшылығына қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика