Өңірлер

Оңтүстік Қазақстан алғаш рет форумда туризм мамандарының басын қосады

Облыс орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді, деп жазады ruh.kz.
Астана қаласы 14 Қараша, 10:51

««Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форумының негізгі мақсаты – өңіріміздегі туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасу, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау болып табылады», - деді ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт.

Шара аясында туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылады. 

Форумға ҚХР Туризм бойынша вице-министрі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымент қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысатын болады.

Жалпы, аталмыш форумға қытай елінің туристік ұйымдары аса қызығушылық танытып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр.

Айта кетейік, форум «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отыр. 





Яндекс.Метрика