Халықаралық интеграция

Абдолла Гүл «Астана клубының» қорытындысы туралы айтты

«Астана клубының» қорытындысы туралы елордада Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл айтып берді.
Астана қаласы13 Қараша , 18:35

«Біріншіден, Астана процесі өте маңызды екенін атап өткен жөн, себебі алғаш рет шиеленіс тараптары келіссөздер үстеліне отырды. Осы орайда ішінара болса да оқ атуды доғару қамтамасыз етілді. Әрине, Сириядағы оқиғалар көршілес ел ретінде Түркияға тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде үлкен проблема. Адами тұрғыдан қарастырғанда, онда қанша жан зардап шекті, көптеген адамның өмірі қиылды. Сондықтан Түркия үкіметі Астана процесіне жоғар қолдау білдіреді және оның үдерісіне тікелей мүдделі»,- деді Абдолла Гүл Астана клубының үшінші отырысы барысында тілшілерге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Астана процесінің соңғы келіссөздері биылғы 31 қазанда өткен болатын.




Яндекс.Метрика