Рухани жаңғыру

ШҚО-да ардагерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуына қолдау көрсетуде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта іске асуына облыстың ардагерлер кеңесі де қолдау білдіруде, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Шығыс Қазақстан 14 Қараша, 09:43

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» өткен дөңгелек үстел барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев мәлімдегендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында жастарға екпін жасау қажет.

«Бағдарламаны іске асыруда біз оның түп негізін түсіне біліп, артымыздан ерген жастарды тарта білу керекпіз. Қазірдің өзінде облыста 1060 ардагерлер ұйымы жұмыс жасап тұр  Біз өз тарапымыздан қолдан келгенше қолдау көрсетеміз», – деді Айтқазы Шерубаев.

Дөңгелек үстелге қатысқан ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева ардагерлер кеңесі жергілікті атқарушы билікті әрдайым қолдап келеді. Жаңғырудың алдында тұрған Қазақстанның болашағы жастар болғанымен, жастарды ардагерлер алқасы отансүйгіштікке баулып, азаматтық ұстанымды негіздеуі қажет.





Яндекс.Метрика