Халықаралық интеграция

ҚР Қарулы Күштері Пәкістандағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр

Пәкістан Ислам Республикасының Пабби қаласында DOSTARYM-2017 тұңғыш халықаралық екіжақты терроризмге қарсы оқу-жаттығудың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әлемде 14 Қараша, 09:11

Оған Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы Күштері қатысуда. DOSTARYM-2017 екі апталық терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты тәжірибе алмасу, далалық жағдайларда терроризмге қарсы дайындықты өткізу арқылы лаңкестікпен күресу жөнінде екі мемлекеттің әскери қызметшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығудың негізгі ниеті елді мекен жағдайында кепілге алынғандарды босату және қарулы қақтығыс аймақтарынан заңсыз әскери құралымдарды жою жөнінде екі ел бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау болып табылады. Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Ол: жеке дара дайындық, топтардың үйлесуі, бірлескен оқу-жаттығудың өткізілуі. Оқу-жаттығуға екі елдің 100-ден аса әскери қызметшісі, 70-ке тарта бірлік әскери және арнайы техника тартылды.

ҚР Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелермен ұсынылған. Оқу-жаттығуды аша отырып, Пәкістан Ислам Республикасы 37-дивизияның командирі генерал-майор Саед Аамир Раза қатысушыларды пәкістандық жерде құшақ жая қарсы алып, екі ел арасында достастық қарым-қатынастың әрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді. Бұл оқу-жаттығу тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сонымен бірге, екі елдің мәдениетін түсіну үшін маңызды екенін атап өтті. Келесі DOSTARYM-2019 халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуын Қазақстанның аумағында өткізу жоспарланып отырғанын айта кету қажет.

 

 





Яндекс.Метрика