Өңірлер

Талдықорғанда қайта жаңғыртылған орталық саябақ іске қосылды

Талдықорғанда толық жөндеу жасалған орталық саябақ пайдалануға берілді. Бұған дейін саябақтың жартысы жеке кәсіпкердің меншігінде болатын. Кәсіпкер саябақтың өз меншігіндегі бөлігін қайтарымсыз негізде мемлекет меншігіне берді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы 13 Қараша, 20:43

Қонақтар саябақтың абаттандырылуымен, әткеншектердің жұмысымен танысты. Мұрат Мұтырғановтың цирк мектебінің өнерпаздары түрлі қызықты қойылымдарын ұсынды. Облыс әкімімен бірге ақсақалдар, спортшылар мен балалар саябақ ішінде жас көшеттер отырғызды. Жалпы осы күні саябақ Польшадан әкелінген 50 түп қайың көшеттерімен толықты. Балалар демалыс бағындағы 40 орындық жүрдек пойызға отырып, түрлі аттракциондарда ойнады.

Жалпы, орталық саябақ толыққанды жөндеуден өтті. Демалыс орнының оңтүстік бөлігінің жаңғыртылуы 2017 жылдың наурызынан қолға алынды. Нысанның жалпы сметалық құны 345,9 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер ретінде  «Достық Астана НС» ЖШС жүргізген.

Сыртқы жарықтандырылуы, жаяу жүргінші жолы, гүлзарлар мен газондар жасалып, түрлі ағаштар отырғызылған. Шағын архитектуралық формалар, мүсіндер, орындықтар, балалар әткеншектері, қоршаулар, жәшіктер орнатылды. Су және арық жүйелері жасалды. Сол сияқты негізгі кіре беріс пен автокөліктерге арналған орын жасалды.





Яндекс.Метрика