Адами капитал

Д. Бабамұратов: Қоғамдық кеңес үшін демократияландыру ең басты бағыт

Орталық коммуникациялар қызметінде Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық қозғалысы мен «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов Қоғамдық кеңестердің болашағы, қоғамға тигізер пайдасы туралы атап өтті.
Астана қаласы13 Қараша , 18:43

«2015 жылы қоғамдық кеңес туралы заң шыққанда, оның болашағына күманмен қарағандар болды. Осыған дейінгі құрлымдар секілді белсенді жұмыс атқара алмайды деп есептеді. Алайда бір жарым жылда көптеген ілгерілеушіліктерге қол жетті. Қоғамдық кеңестің ең ыңғайлы шараларының бірі қоғамдық тыңдау. Осы бір жарым жылда Ел бойынша 600 ден астам қоғамдық тыңдаулар өтті. Көптеген түйінді мәселелер талқыланып, мемлекет тарапына ұсынылды»,-дейді спикер. Дегенмен ірі қалалар мен аймақтық орындардардағы Қоғамдық кеңестердің жұмыс нәтижесінде айырмашылықтар бар. Қоғамға белгілі білікті азаматтар қатысқан Қоғамдық кеңестер оң нәтижелер беріп жатыр. «Тәжірибені молайта түсу және заңды күшейту арқылы Қоғамдық кеңес жұмысының қарқынын жоғарылатуға болады»,-деп сенеді Дәурен Әбутәлипұлы.

Қоғамдық кеңес үшін 100 нақты қадамның ішінде демократияландыру ең негізгі бағыт. Аймақтық өңірлерде халық әкімдерді өздері сайлады. Бұл жүре-жүре үрдіске айналса, қарапайым халық пен биліктің ниеттестігін күшейте түспек, деді ол.


 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика