Басқару

Қазақстан адамзаттың барлық өзекті мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңы болып отыр

Астана қаласы13 Қараша , 15:08

«Қазақстан сенімділікпен өз тәуелсіздігінің екінші ширек ғасырына қадам басты.Бізде  сыртқы саясаттың ұстанымдары белгілі, сондықтан жоғары дайындығы бар осындай аудиторияның алдында тыңғылықты таныстыруды қажет етпейді. Бүгінде Қазақстан адамзаттың барлық өзекті мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңы болып отыр. Бұған қазіргі кезде  көрнекті дәлел ретінде биыл жазда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін еске салған жөн. Оған 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты, көрмеге 4 миллионнан астам келді. Біз соңғы кезде әлем керек болып тұрған қажеттіліктерді енгізуге тырысудамыз.  Яғни жаһандық мақсаттарды шешу үшін бірігуді, ауызбіршілікті, толеранттылықты алға тартудамыз», - деді Елбасы.




Яндекс.Метрика