Өңірлер

Алматының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылады

Наурызбай ауданында жаңа инженерлік желілердің іске қосылуы арқасында «Алты алаш», «Қалқаман-2» елді мекендеріндіңі жеке секторындағы 5 мың үй мен «Қалқаман-3» ықшам ауданындағы 30 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға ие болды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы13 Қараша , 17:48

«Әр үйге таза суық су жаңа   құбырлар арқылы берілуде. Үй  иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану  үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК- мен тиісті келісім жасаулары қажет»-, деді Алматы қаласының Энергетика жәнк  коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.

Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның  салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.

Келеңсіз жайттардың алдын алу  және суық  сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты  станциялардың қуаты  арттырылды.

Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары.

«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық  үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.

Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.

Мемлекеттік бюджет есебінен  209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары  жүргізілді, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.




Яндекс.Метрика