Қалаларға шоғырлану

Жыл соңына дейін елордада тазартқыш ғимарат пен сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтеді

Астана әкімдігі 2018 жылы 2 тазартқыш ғимараттың, 2 магистралды коллектор мен 5 сорғы станциясының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Астана қаласы13 Қараша , 18:16

2016 жылы Астана қаласы әкімдігі 2019 жылы іске қосылуы тиіс нысандардың тізімін жасаған болатын. Дәлірек айтқанда, бұл 10 тазартқыш ғимарат кешенінің, 5 магистралды коллектордың құрылысы мен 9 сорғы станциясының қайта жөнделуі.

Осылайша, өткен жылы КМК 6 (Ш. Қосшығұлұлы к-сі) ауданындағы, Тұран даңғылы мен №27 көше қиылысының ауданындағы, сондай-ақ Көктал-1 ТК-дегі 3 тазартқыш ғимаратты іске қосу шаралары тәмамдалған-ды.

«2017 жылы мамандандырылған арна жуушы техниканың көмегімен нөсерлі канализациялардың коллекторларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталмыш іс-шаралар бірнеше жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Нөсерлі кәріз жүйесін дамытуға бөлінетін қаржының артуына байланысты қалада жаңа тазарту ғимараттарын салу жұмыстары белсендірілді», - делінген Астана қаласы әкімдігінің коммуналды шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Биыл 4 тазартқыш ғимараттың, 3 магистралды коллектордың құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда, Сонымен қатар, 4 сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтетін болады.

«Қазіргі таңда Сығанақ даңғылындағы сорғы станциясын қайта жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Кіші Талдыкөлден Есіл өзеніне дейінгі су тарту коллекторының құрылысы аяқталды. Аталмыш нысан Тұран даңғылындағы су деңгейінің көтерілуін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Қосшығұлұлы көшесі ауданындағы, Көктал-1 ТК-дегі және Қорғалжын тас жолы мен Бейсекова көшесі қиылысының ауданындағы тазартқыш ғимараттар іске қосылды. Тұран даңғылындағы тазартқыш ғимараттарын да іске қосу жоспарда бар», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 4 сорғы станциясын қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр («Французский квартал» ТК, «Мечта» СО аудандарында, Республика даңғылындағы тоннель маңындағы және Сығанақ даңғылы мен Тұран көшесі қиылысының ауданында). Сондай-ақ, «Инфинити – 1,2» ТК ауданындағы нөсерлі канализация желісін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2018 жылы 2 тазартқыш ғимараттың, 2 магистралды коллектордың және 5 сорғы станциясының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

«Алаш тас жолы мен №191 көшедегі жол айрығы ауданында нөсерлі канализация желілерінің, Өндіріс ТК-дегі тазартқыш ғимараттың құрылысы, 5 сорғы станциясын, Абай даңғылы мен Кеңесары көшесінің бойында жатқан Ғабдуллин көшесіндегі коллекторды қайта жөндеу жұмыстары және  жаңа теміржол вокзалы ауданындағы тазартқыш ғимаратты іске қосу жұмыстары жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, 2019 жылы тағы да 3 тазартқыш ғимараттың құрылысы аяқталмақ. 




Яндекс.Метрика