Парламент

Қазақстанда онлайн-сақтандыру енгізілуде

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жана Құрманов Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Астана қаласы13 Қараша , 15:02

«Заң жобасымен онлайн-сақтандыру жүйесін енгізу көзделген. Онлайн-сақтандыруды енгізу нәтижесінде халық кеңселерге бармай-ақ немесе агенттің көмегінсіз сақтандыру компаниялардың интернет-ресурстары арқылы сақтандыру шарттарын жасауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, сақтандыру шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сақтандыру төлемдерін алу үшін онлайн-өтініш жасауға болады. Қазіргі уақытта құқықтық база мұндай жүйені толық енгізуге мүмкіндік бермей отыр», - дейді Жанат Құрманов.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер сақтандыру компанияларын автоматтандыруға және олардың интернет-ресурстарына, дербес деректерді қорғауға мүмкіндік береді.

«Онлайн-сақтандыру халық үшін географиялық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, сақтандыру қызметтерінің құнын төмендетуге жағдай жасайды. Сақтандыру  және төлем жасау рәсімдері жеңілдеп, бұл барлық бизнес-процестерді айтарлықтай тездетуге жол ашады», - деп атап өтті Ж. Құрманов.

Бұдан басқа, Жанат Құрманов қазақстандық туристерді қорғау мақсатында заң жобасында шетелге шығатын туристің өзінің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға өту көзделіп отырғанын айтты.

«Бағдарламалар халықаралық талаптарға сай келеді. Оған туристің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге (жазатайым оқиға, шұғыл жәрдем, репатриация) байланысты негізгі әлеуметтік тәуекелдер кіреді», - деп түйіндеді ол.


Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика