Үкімет

Б. Сағынтаев General Electric компаниясының өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық технологиялар жөніндегі вице-президент Уилиям Ру басшылық еткен General Electric компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 13 Қараша, 14:02

Кездесу барысында компаниямен ел экономикасының түрлі салаларында цифрландыру бойынша перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, General Electric — өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы. Компания Қазақстанда көптеген жылдар бойы көліктік машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, авиация, сондай-ақ, мұнай-газ салаларында қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда GE «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», Air Astana, Kaz Minerals және ERG-мен серіктестікте маңызды инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қатысып жатыр.

 





Яндекс.Метрика