Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстанда биофармацевтикалық зауыт салу жоспарлануда

ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің қоры биопрепараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт салу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда, деп хабарлады басқарма төрағасы Қуатжан Уәлиев республикадағы инновацияларды дамытуға арналған баспасөз мәслихатында.
Казахстан12 Ақпан , 00:00

«Жақын арада қор жоба қуаттылығы жылына 10 млн мөлшер болатын биопрепараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт салу бойынша жобаны жүзеге асыруға көшеді», - деді К.Уәлиев.

Аталған зауытта тұмауға, полиемелит, туберкулез бен бруцеллезге қарсы медициналық вакциналар, сонымен қатар ветеринарлық препараттар шығаруды реттеу жоспарланғанын атап өтті. 

Осы жоба аясында шетелдік және өзіміздің сарапшылармен кеңес өткізілген болатын, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарымен техникалық-экономикалық негіздеме жасалып, жоба-сметалық құжатнама әзірленіп жатыр. 

Аталмыш зауыт Алматы облысындағы Биологиялық қауіпсіздік институтының аумағында орналасады деп жоспарлануда.
 




Яндекс.Метрика