Өңірлер

Жамбыл облысында Халықаралық туристік форум өтуде

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ancient Taraz - 2017» атты халықаралық туристік форумы өтуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл 13 Қараша, 16:14

Форум қатысушыларға халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, туристік саланың дамуындағы стратегиялармен, тәжірибемен, пікірлермен алмасуға қолайлы алаң болып табылады.

Форумның жұмысына Еуропа, Қытай, Ресей, Орталық Азия елдерінің халықаралық сарапшылары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, облыс әкімдіктерінің басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қазақстандық және халықаралық туристік ассоциациялар, туристік және қонақ үй нарығының өкілдері, жоғарғы оқу орындары, колледждер мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Форумның аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойымен саяхат» атты халықаралық фестивалі, сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы қолдауымен «TARAZ FASHION DAY» фестивалі, Қытай және қазақстандық туроператорларға арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылды.

 





Яндекс.Метрика