Өңірлер

Павлодар облысында құрғақ қымыз шығарылады

Павлодар облысында құрғақ қымыз өндіріле бастады. Ұнтақ түріндегі шыға бастаған қазақтың ұлттық сусыны сынақтан өтіп үлгерді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар13 Қараша , 11:52

«Лебяжі ауданының «Алтай» шаруа қожалығы павлодарлық «Fresh Milk» ЖШС-мен бірлесіп бие сүтін ұнтаққа айналдыратын жабдық сатып алған. Лебяжілік қымыздан жасалған бірегей ұнтақты Қазақстан және шетел нарығына шығару жоспарланып отыр. Күніне жиырма келіге жуық ұнтақ шығарылады», - делінген хабарламада.

Қыркүйек айында Гонконг елінде әлем кәсіпкерлері арасында үлкен байқау өткен болатын. Онда ұнтақ түріндегі құрғақ қымыз экологиялық таза өнім санатында бірінші орынға ие болды.

 




Яндекс.Метрика