Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада кәсіби қаржыгерлер қауымдастығы үшін алғашқы конференция өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби дамыту бюросы Қазақстанда кәсіби қаржыгерлер қауымдастығы мен инновациялық менеджерлер үшін алғашқы «Be A-PRO» конференциясын өткізді, деп хабарлады Орталықтың баспасөз қызметі.
Астана қаласы13 Қараша , 11:17

Қаржыгер күні қарсаңында АХҚО бюросы қаржы және жобалық басқару саласында жұмыс істеп жатқан бірқатар жас мамандардың басын «Be A-Pro» конференциясында қосты. Жас мамандардың алдында қаржы саласында немесе экономиканың түрлі саласындағы жобалық басқару бойныша табысты еңбек етіп жүрген қазақстандық сарапшылар сөз сөйледі.

«Адами капиталды дамыту және халықаралық дәрәжеде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау АХҚО-ның басты міндеттерінің бірі. Мұндай шаралар өте маңызды, себебі ол талантты жас мамандардың басын қосуға және олардың кәсіби тұрғыда өсуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Be A-Pro» конференциясы — жас мамандар өзара танысып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, ортақ шешім шығаруларына мүмкіндік беретін алаң. 




Яндекс.Метрика