Халықаралық интеграция

Пәкістан мен Қазақстанның Қарулы Күштері 2018 жылға арналған шаралар жоспары туралы келісті

ҚР Қорғаныс министрлігі және Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы Күштері арасында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 13 Қараша, 10:14

Пәкістан делегациясын ПИР ҚК Штабтар бастықтары біріккен комитеті штаб пәтерінің басшысы генерал-лейтенант Мали Зафар Икбал басқарды.

Төртінші қазақстандық-пәкістандық бірлескен әскери комиссия шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің генерал-лейтенант Малик Зафар Икбальмен кездесуі өтті.

Қазақстандық-пәкістандық бірлескен әскери комиссияның төртінші отырысында тараптар әскери білім беру, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау, Қазақстан мен Пәкістанның әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы келісімнің іске асырылу мәселелерін талқылады.

 Сапар барысында Пәкістан делегациясы мұражайға, имитациялық модельдеу орталығына, «ҚР ҚК Бас штабының академиясы», Ұлттық ұлан және біліктілікті арттыру факультеттеріне, сондай-ақ Үндістан мен Қытай Қарулы Күштерінің Әскери өнер аудиториясына барды. Университеттің оқу-материалдық базасымен танысты.
 





Яндекс.Метрика