Рухани жаңғыру

Н.Назарбаев: Алаш қозғалысы – ата-бабаның дербес ел болу жолындағы аманаты

Астанада өтіп жатқан «Рухани жаңғыру: Алаш және Азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елімізде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Алаш қайраткерлерінің мақсатымен үндес екенін айтты.
Астана қаласы 10 Қараша, 13:03

«Алашорданың құрылғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-конференциясы қатысушыларына!Баршаңызды конференция жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Алаш қозғалысының 20 ғасырдың басындағы қазақ қауымының саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау, ұлттық бірегейлігін сақтап қалу жолындағы күресі елге қызмет етудің жарқын көріністерінің бірі болып табылады. Алаш қозғалысының пассионарлық идеялары біздің ата-бабаларымыздың азаттық алып, дербес мемлекет құру жолындағы сан ғасырлық аманатымен ұштасып жатыр. Сол кездегі ұлт зиялылары арман еткен мемлекет тәуелсіздігі мен ұлт бостандығына бүгінгі ұрпақ қол жеткізді. Еліміз егемендік алып, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен терезесін теңестіріп отыр», - деп Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының құтықтау хатын аяқтады.

Президент атап өткендей,  бүгінгі таңда іске асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстар осы мақсаттарға сай деген ойдамын. Жер жерде ауқымды жиындар, конференциялар ұйымдастырылып жатыр.

Халықаралық деңгейдегі жиынға еліміздегі белді алаштанушылар, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Түркия, Ресей, Әзербайжан елдерінен ғалымдар қатысуда.

Жиын соңында ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Алаш арыстарын ұлықтау, олардың мұраларын зерттеуді жүйелеп, жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу ісін Алаш мұраттарымен да сабақтастыру мәселелері көрініс тапқан қарар қабылдау жоспарланып отыр.

 

Қайрат Жандыбаев

 





Яндекс.Метрика