Рухани жаңғыру

Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» аясында 60-қа жуық жоба жүзеге асырылуда(ВИДЕО)

Павлодар облысында қоғамдық сананы жаңғырту аясында 60 жуық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Астана қаласы 09 Қараша, 19:16

«Аймақта  «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында барлығы  59 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы бағдарлама аясында 300 мың адамды қамтыған 500 шара өткізілді. Ал, «Туған жер» бағыты шеңберінде облыстық ассамблея «Ұлы даланың мәңгілік тілі» жобасын жүзеге асыруда, оның аясында түрлі этносқа жататын колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Асыл сөз», «Туған жер» мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін сараптайтын байқалар өткізіледі, - деді әкімнің орынбасары.

М. Бегентаевтың айтуынша, 70 мың аймақ тұрғыны мен қонақтарының қатысуымен «Ұлы дала елі» этнофестивалі өткізілді. Бұдан басқа, өңірде ұлттық спорт түрлері бойынша ауқымды шаралар да ұйымдастырылуда.

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика