Парламент

ҚР АКМ журналистердің сұрауына жауап беру мерзімін қысқартуды көздеп отыр

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі журналистердің сұрауына жауап беру мерзімін қысқарту мәселесін қарастыруда. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев хабарлады.
Астана қаласы08 Қараша , 14:05

«Жедел, әрі сапалы ақпарат бергенімізді қалайсыздар. Егер меморгандар үш күнде үлгермейміз, бір айда ақпарат береміз дейді, осы мәселеге біз кеңінен қарауды көздедік. Меморгандарда «алтын сағат» деген ереже бар. Біз бір сағатта айтулы оқиғаға сәйкес бір сағатта ақпарат беруге міндетті. Бұл бір. Бұл ресми хабарламаларда біз екі күн емес үш күнде ақпарат беруге міндеттіміз. Біз керісінше уақытты қысқартып жатырмыз», - деп түсіндерді министр Мәжілісте.

Бұдан басқа, министр атап өткендей, БАҚ-пен жұмыс істейтін ресми өкілі болады.

«Біз тағы да «ресми өкіл» деген түсінікті енгізіп отырмыз, демек біз оған нақты деңгей береміз. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істейтін нақты қызметкер болады», - деп түсіндірді журналистерге Дәурен Абаев.

Бүгінде, оның айтуынша, мемлекеттік органдардың сұрауға жауап беру уақыты қарастырылуда.

«15 күн, бүгінде бұл туралы депуттарда айтты. Біз талқылаудамыз. Менің ойымша біз уақытты қысқартатын шығармыз», - деп түйіндеді министр.  

Естеріңізге сала кетейік, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заң жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика