100 жаңа есім

О.Шишигина «Қазақстанның 100 жаңа есімі» туралы: Қатысушылардың қайырымдылық шараларын ескеру керек

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына лайық тұлғалар туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен кездесуінде айтып өтті.
Астана қаласы 06 Қараша, 19:12

«Меценаттарға дауыс беру керек. Себебі, бізде қаржыны қайтып келмейтін  салаға салмайды. Әркім өз қалтасын ойлайды. Ал меценаттар халық туралы да ойлайды. Олар халыққа қуаныш сыйлай алады», - деді О.Шишигина.

Сондай-ақ, О.Шишигина қатысушылардың  қайырымдылық шараларын да ескеру қажет екенін айтты.

«Біріншіден, сені ешкім танымайды, саған қолдау да көрсететіндер жоқ. Аталмыш жоба   эмоционалды жақсы   демеу болады. «Қазақстанның 100 іскер әйелі»  жобасы пайда болғанда  бизнеске әйелдер белсенді  араласа   бастады. Аталмыш жоба «Қазақстанның 100 іскер әйелі»   жобасынан  бастау алды деп ойлаймын.  Демек, санаттар кеңейе түсті», - деді ол.

Айта кетейік, елде   «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы  жүзеге асырылуда.  Барлық үміткерлер қызмет саласына қарай 6 категорияға орналастырылды.  Онлайн дауыс беру 10 қарашада аяқталады: Дауыс берудің нәтижесі “Қазақстанның 100 жаңа есімін” анықтайды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика