100 жаңа есім

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» финалистеріне 200 мыңнан астам дауыс берілген

Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында El.kz интернет-жобасының редакциясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңінің қатысушылары үшін дауыс жинау бойынша офлайн-акция өткізді.
Астана қаласы 06 Қараша, 10:32

Аталмыш акция екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен аптада да El.kz командасы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңінің қатысушылары үшін дауыс жинау мақсатында офлайн-акция ұйымдастырған болатын. Дауыс берудің жылжымалы пунктінде 150 адам дауыс берсе, осы аптада 200-ге жуық астаналықтар лайық деп тапқан кандидаттарға өз дауыстарын берді.

«Дауыс берудің аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мүмкіндігінше белсенділік танытуға күш жұмсаудамыз. Өткен аптадағы акцияның нәтиежесі халық арасында жоба туралы ақпараттың кеңінен таралуына ықпал етті. Дауыс беруге келген адамдар тізім арасынан өз жерлестерінің есімін көргендіктен дауыс беруге ынталы екендіктерін айтып жатады. Біздің мақсатымыз - жоба туралы, жобаның беделі туралы кең ақпарат таратып, халықты құлақтандыру», - дейді EL.KZ интернет-обасының бас редакторы Бэлла Орынбетова.

Айта кетейік,   осы жылы 18 қазанда www.100esim.el.kz сайтында жобаға қатысушы финалистерге дауыс беру басталғанын естеріңізге саламыз. Барлық үміткерлер қызмет саласына қарай 6 категорияға орналастырылды. Олар: ғылым, спорт, медицина, қоғам, бизнес және мәдениет. Қазір финалистерге берілген дауыс саны 211 241. Осы уақытқа дейін 92 798 адам дауыс берген. Онлайн дауыс беру 10 қарашада аяқталады: Дауыс берудің нәтижесі “Қазақстанның 100 жаңа есімін” анықтайды.

Қазақстан Республикасының Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «100 жаңа есім» жобасын жасауды ұсынды. Бұл жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.





Яндекс.Метрика