Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

Қарағанды облысының полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Қарағанды облысының полицейлері ҚР Президентінің халыққа арналған жолдауын талқылады. Кездесу Бәрімбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң академиясында өтті, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қарағанды13 Наурыз , 00:00

ҚР ІІМ, облыстық жастар саясаты басқармасы, біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау институтының өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылауға жиналды.

Кездесуде сөз алған ҚР ІІМ КЖД бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қаженов Болат Қойшыбекұлы Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі тармақтары жөнінде әңгімелеп берді.

Жиналған қызметкерлер 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарламасы ішкі істер орган қызметкерлері үшін маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті. 




Яндекс.Метрика