Халықаралық интеграция

Астана процесі өзінің тиімділігін дәлелдеді – Қ.Әбдірахманов

Эксклюзив
Сирия жөніндегі Астана процесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ақордада хабарлады.
Астана қаласы01 Қараша , 12:19

«Астана алаңы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі таңда бұл қақтығыстар жоқ аймақтарды құру бойынша жалғыз процесс. Ол аталмыш аймақта өз мүддесі бар Ресей, Түркия, Иран сынды мемлекеттердің басын біріктірген бірегей платформа болып табылады.  Біз олардың арасында Астана процесі аясында бір жолға қойылған диалогтың құрылымды екенін көріп отырмыз. Бұдан басқа, бақылаушы АҚШ пен Иордания елдерінің Астана процесінде табысқа қол жеткізуде оң рөл атқарып отырғаны да байқалады. Осы ретте, БҰҰ-ның рөлі ерекше болды», - деп атап өтті Қ. Абдрахманов.

Сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, Астана процессі саяси реттеу бойынша женевалық процесті толығымен қолдайды.

«Біз женевалық процеске табыс тілейміз, Астана женевалық процесті «терроризммен күрес» бағыты бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізе алады», - деді Қ.Абдрахманов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 30-31 қазанда Сирия жөніндегі Астана процесінің жетінші халықаралық жоғарғы деңгейдегі кездесуі өтті. Бұл  кездесу Сирияда ұрыс іс-қимылдарын доғару режимін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға, сондай-ақ дағдарысты саяси реттеуге өту кезеңінде аталған елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыру шеңберінде күш-жігерлерді арттыруға бағытталды.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика